- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да жол қозғалысы инспекторларының XV республикалық слетінің ашылуы өтті
ҚР-да жол қозғалысы инспекторларының XV республикалық слетінің ашылуы өтті
Форум ІІМ бастамасымен ҚР БҒМ және «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе «Мерей» балалар сауықтыру орталығында (Қостанай облысы) балалардың жол-транспорттық жарақатануды алдын-алу мен жасөспірім балалар арасында Жол жүру ережелерін бұзушылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады.
Жыл сайын іс-шараны «Шелл Қазақстан» концерні қолдайды, олармен бірлесе ІІМ ӘПК балалар жол қауіпсіздігі бағытында бірнеше жобаларды жүзеге асыруда. «Слетке Қазақстанның түкпір-түкпірінен әкімшілік полицияның жас көмекшілері жиналып отыр» - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов – Осы балалар өз мектептерінде ЖЖЕ қадағалануын насихаттайды. Ал мектеп демалысы уақытында балалардың жол қауіпсіздігі өте өзекті».
Слеттің жұмысына сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасының өкілдері де қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша слет бағдарламасында 13 номинациядан тұратын жарыстар көзделген, олар: сап байқауы, жас реттеушілер, жол қозғалысы ережесінің білімпаздары, жас санитарлар, білімділер тірнирі, үгіт бригадалар байқауы, «Менің жасағым» ән байқауы, жас насихаттаушылар, жас корреспондеттер, капитандар байқауы, бейнероликтер байқауы және «Қауіпсіз дөңгелек» велосипедті бейнелеп жүргізуден жарыс.
Бұдан басқа, слеттің бағдарламасында білім және жол полициясы қызметкерлері арасында байқаулар көзделген. ҚЖИ қозғалысы, оның слёттері, байқаулары мектептегі жалпы білім беру үрдісінің одан әрі тереңдете оқытылуына, өскелең ұрпақтың мәдени деңгейінің жоғарлануын ынталандырып, жас азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға, балалардың жол-көлік жарақатану жағдайының шынайы жақсаруына өз септігін тигізуде. Форум 19 шілдеге дейін жалғасады.
«Осындай бағыттағы байқауларды, іс-шараларды өткізу арқылы біз ЖЖЕ бұзушылыққа нөлдік төзімділікті жол жүрудің жас қатысушыларында қалыптастыруға тырысамыз» - деп Талғат Мұсақанов мырза түйіндеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары