- Басты
- Жаңалықтар
- Степногорск мойынтірек зауыты аталмыш бөлшектің 200-ден астам түрлерін шығармақ (ФОТО)
Степногорск мойынтірек зауыты аталмыш бөлшектің 200-ден астам түрлерін шығармақ (ФОТО)
Естеріңізге сала кетейік, Степногорск мойынтірек зауыты биылғы жылдың мамыр айынан бері «Еуропалық «Степногорск» мойынтірек зауыты» АҚ-ы болып құрылған. Бұрындары аталмыш кәсіпорын жолаушылар және жүк вагондарына, тепловоздар мен электровоздарға қажетті мойынтіректер шығаратын болған. Дайын өнім Қазақстан мен Ресей нарықтарында саудаланатын. Соңғы бірнеше жыл көлемінде машинаның аталмыш бөлшегіне деген сұраныс төмендеді. Осыған қарай, яғни 2012 жылдан бастап,кәсіпорында бар қуатына қосу туралы шешім қабылданды.
Осылайша, «ЕПК-Мәскеу» ААҚ-ның мойынтірек өндірісі номенклатурасын ауыстыру» инвестициялық жобасы «СМЗ» АҚ болып, Ақмола облысының индустрияландыру картасына енгізілді. Жобаның құны 496 млн теңге, онда 99 жаңа жұмыс орны ашылады.
Қазіргі таңда мойынтіректердің 90-нан астам түрлері игеріліп, келесі жылы бұл тізім тағы 80-ге толығады. Болашақта Степногорск қаласында мойынтіректердің 200-ден астам түрі шығарылады. Ал, әзірге Мәскеуде жабылып қалған зауыттан қажетті бөлшектерді тасымалдау жұмыстары жалғасуда. Осы уақытта елге ол жақтан 350 құрылғы жеткізілді.
Өңір басшысының айтуынша, зауыттың Қазақстанда және ТМД көлемінде алғанда бәсекелестері жоқ. «Бұл Степногорск зауыты жылына 35 тонна дайын өнім шығаратын КСРО кезіндегі көрсеткіштерге қол жеткізу деген сөз»,-деп қосты әкім Сергей Кулагин.
Айта кететін мәселе, қазір өндіріске 1 мың 900 адам жұмылдырылған, енді бұл меже тағы 2 мың адамға артады. Болашақта зауыттың қуатына АҚШ-тың мойынтірек шығаратын «Timken» зауыты мен «ЕПК Бренкен» зауыттарының қуатын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді