- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» аясында 2,4 трлн теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылуда - ҚР ИДМ
«Нұрлы жол» аясында 2,4 трлн теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылуда - ҚР ИДМ
Жобаларды 2020 жылға дейін толығымен аяқтау мақсатында 1 трлн теңге көлемінде жаңа займ алу, сонымен қатар бұрын алынған займдарды үнемдеу есебінен 137,3 млрд теңгені пайдалану көзделген.
Жеңіс Қасымбек іске асырылып жатқан жобалардың әрқайсысына тоқталып өтті. Атап айтқанда, бүгінгі күні «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің 1884 км жолы толығымен аяқталды, Шымкент-РФ шекарасы учаскесінде, сонымен бірге Жамбыл облысында толығымен қозғалыс ашылды.
Бүгін бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 3 есеге артты. 2015 жылы Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы, Тараз қаласын айналып өту және Алматы-Қорғас учаскелерінде жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр. Учаскелердегі жұмыстарды аяқтау 2016 жылға жоспарлануда.
Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс бағыттары бойындағы жаңа дәліздер ашылды.
Қазіргі уақытта Орталық-Оңтүстік жобасы іске асырылуда. 2013 жылы Астана-Теміртау және Алматы–Қапшағай бағытындағы 2 учаскеде жұмыстар басталып, 22 км жол реконструкциядан өтті: Астана-Теміртау (12 км) және Алматы–Қапшағай (10 км). Осы учаскелерде жұмыстарды толығымен аяқтау 2016 жылға жоспарлануда. Қарағанды-Қапшағай (1037 км) учаскесі бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Құрылыс жұмыстарын бастау 2016 жылдың сәуіріне жоспарланған.Астана мен Өскемен қалалары арасында сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету үшін Павлодар және Қалбатау елді мекендері арқылыОрталық-Шығыс жобасын іске асыру басталғаны белгіленді. Бүгінгі күні Семей-Қалбатау учаскесінің 118 км жолы күрделі жөндеуден өтті. Қалған 493 км жолда жұмыстар жалғастырылады.
Бұдан тыс Астана-Павлодар (443 км) және Павлодар-Семей (53 км) учаскелерінде мердігерлер анықталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген