- Басты
- Қазақстанда автомобиль жолдарының құрылысына биыл 100 мыңнан астам адам тартылады – ҚР ИДМ
Қазақстанда автомобиль жолдарының құрылысына биыл 100 мыңнан астам адам тартылады – ҚР ИДМ

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақпаратына сәйкес, Алматы облысындағы автомобиль жолдарын дамытуға биыл 90,9 млрд теңге қарастырылған (оның 80,3 млрд теңгесі - республикалық, 10,6 млрд теңгесі – жергілікті жол тораптарына).
Облыстағы жүзеге асырылып жатқан негізгі автомобиль жобалары: Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Орталық-Оңтүстік, Алматы-Өскемен және БАКАД (Алматының үлкен айналма автомобиль жолы). Бұл жобаларды жүзеге асыруға 78 млрд. теңге қарастырылған. Қаржы көздері – Халықаралық қаржы институттары, Ұлттық қор және республикалық бюджет.
Аталған жобалардың аясында 555 шақырым жол қайта салынады. Жыл соңына дейін 312 шақырым жолдағы жұмыстарды толықтай аяқтау жоспарланған.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасы бойынша Алматы-Қорғас тас жолында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы – 304 шақырым (І техникалық санатта, 4 жолақты, цемент-бетон жамылғысымен). Қаржы көздері – Дүниежүзілік банк, республикалық бюджет.
304 шақырымның 8 бөлігінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Биыл цементбетон жамылғысы төселген 150 шақырым жолдың екі бағыттағы қозғалысын да пайдалануға беру жоспарланған.
Келесі жылы жолдағы құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтау көзделіп отыр.
Орталық-Оңтүстік жобасы бойынша Алматы-Қапшағай бөлігіндегі 104 шақырымда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. (І техникалық санат, 4 және 6 жолақты цементбетон жамылғысымен).
2014 жылы 10 шақырым жол пайдалануға берілді. 2015 жылы жолдың 94 шақырымында, 3 бөлігінде құрылыс жұмыстары жүрді. Жыл соңында 41 шақырым жолды пайдалануға беріп, 53 шақырым жолда көлік қозғалысын ашу көзделіп отыр. Жалпы 2016 жылы жол құрылысын толықтай аяқтау жоспарланған.
Алматы-Өскемен бағыты бойынша, Қапшағай-Талдықорған бөлігінде және Сарқан қ. айналма жолында, жалпы 157 шақырымды құрайтын 6 бөлікте құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. (І техникалық санат, 4 жолақты, асфальтбетон жамылғысымен). Жыл соңына дейін 100 шақырым жолда құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Алматының үлкен айналма жолы жобасы бойынша осы жылдың 14 қаңтарында концессионер таңдауға байланысты екі сатылы, ашық байқау жарияланды. Еуропаның қайта құру және даму банкі, IFC несие бөлімі 200 млн евроға дейін қаржы бөліп (A loan), концессионерді қаржыландыруға дайын екендерін білдірді. Бұдан басқа, олар қазақстандық коммерциялық банктер арқылы несиелендіру жағын да қарастырып жатыр (B loan).
Жыл бойы байқау процедуралары жүреді, жыл соңында концессионерді анықтап, нақты келіссөздер жүргізіле бастайды. Аталған жобаның құрылысын 2016 жылы бастау көзделіп отыр.
Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында, құрылысқа қазақстандық маңыз беріп, отандық құрылыс материалдарын пайдалануға баса назар аударылады.
Құрылысқа қажетті темірбетон бұйымдарымен - «АЗМК» ЖШС (Алматы); жолға төселетін бетонмен – Асфальтбетон-1 зауыты (Алматы), «ПНХЗ» ЖШС (Павлодар); цементпен – Бұқтырма цемент компаниясы мен Семейцемент (ШҚО) кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Қазақстандық тауарөндірушілердің үлесі 90%.
«Барлық жобаларды жүзеге асыру мақсатында бас және субмердігерлердің 2 мың жол-құрылыс техникасы, арнайы автокөліктері, 16 цементбетон, 10 асфальтбетон зауыты және 8 уату-бөлшектеу құрылғысы (ДСУ) тартылатын болады. Сондай ақ, 15 мың адам жұмыспен қамтылады, оның 90% жергілікті халық», - делінген хабарламада.
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды
-
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды

