• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: ҚР индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында химия өнеркәсібі саласы бойынша 2,5 мың жұмыс орны ашылды

ИИДМБ: ҚР индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында химия өнеркәсібі саласы бойынша 2,5 мың жұмыс орны ашылды

14 Шілде, 2015 15:36
Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында, яғни 2010 мен 2014 жылдар аралығында химия өнеркәсібі саласында 45 кәсіпорын іске қосылды.

5 жылда салада 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде елде 410 химия өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар жұмыс істеуде. Олардың 371-і шағын, 26-ы орта, 13-і ірі. Негізінен олар базалық химикат пен минералды тыңайтқыштар, бояулар мен сырлар, жууға және тазалауға арналған заттар, пестицидтер мен өзге де агрохимиялық заттар шығарады.   

Химия өнеркәсібі бойынша, негізгі көлем 2014 жылдың қорытындылары бойынша Жамбыл облысында- 23,7 пайыз, Ақтөбе облысы бойынша 13,3 пайыз, Маңғыстау облысы бойынша 10,2 пайыз, Қарағанды облысы бойынша 14,3 пайыз, Шығыс Қазақстан облысы бойынша- 10,8 пайыз, Павлодар облысы бойынша 6,7 пайызды құрайды.     

Хабарламадан мәлім болғанындай, Индустрияландыру картасының аясында химия өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар ел экономикасына елеулі үлес қосып отыр.

   

 

Барлық жаңалықтар