• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат ҚР мен Литва арасында адамдардың реадмиссиясы туралы келісім ратификациялады

Сенат ҚР мен Литва арасында адамдардың реадмиссиясы туралы келісім ратификациялады

14 Шілде, 2015 14:47
Палата отырысы барысында сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялады. Қазақстан мен Литва арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады, деп хабарлады Сенат.

Одан басқа, Сенат Қазақстан мен Ресей арасындағы реадмиссия туралы үкіметаралық келісімді және осы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялады.

Екінші оқылымда талқылаудан кейін сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.

Сенаторлар алдында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев және ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасады. Заң жобасы бойынша пікірсайысқа депутаттар Лаззат Тұрлашов, Марат Тағымов, Людмила Полторабатько, Манап Көбенов және Төлеубек Мұқашев қатысты.

Сенатор Сергей Громов шекара қызметіндегі өзекті мәселелер бойынша Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Бірғаным Әйтімова еліміздің дипломатия қызметінің ардагерлеріне зейнетақы төлемдерін арттыру туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріне сауал жолады. Қуаныш Айтахановтың Премьер-министрдің атына жолдаған сауалы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы тарихи ескерткішті күрделі жөндеуден өткізуге қатысты болды. Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов облыстық маңызы бар жолдар мен Атырау облысындағы көпір құрылысын қаржыландыру, сондай-ақ балық шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері туралы Үкімет басшысына сауал жолдады.

 

Барлық жаңалықтар