Сенат Спикері парламенттік сессияны қорытындылады

14 Шілде, 2015 14:31
Парламенттік сессияның қорытынды кеңесінде Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев парламентарилер қызметінің қорытындысын шығарды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Спикер атап өткендей, Парламенттің бесінші шақырылымының төртінші сессиясы кезеңінде ел қоғамдық-саяси оқиғалардың және ауқымды реформалардың куәгері атанды.

«Жалпыхалықтық сайлауда Қазақстан Н.Назарбаевтың ерен еңбегін әділ бағалап Елбасы бағытына жаппай қолдау көрсетті», - деді Қ. Тоқаев.

Елбасы «Нұрлы жол» экономикалық саясатына бастау берді, ол жаһандық сын-қатерлерге тиімді жауап болды.

 

Барлық жаңалықтар