• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Германия энергетика саласында стратегиялық ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Германия энергетика саласында стратегиялық ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды

14 Шілде, 2015 12:43
Астанадағы қазақстан-неміс энергетикалық форумында ҚР инвестициялар мен даму министрлігі вице-министр Альберт Рау тұлғасында Dena неместің энергетикалық агенттігімен директор Ульрих Бентербуш тұлғасында энергияны үнемдеу және энерготиімділікті арттыру саласында ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойды.

«Қазақстан Президенті атап көрсеткен 100 қадамның бірі  энергисервистік компаниялардың нарығына стартегиялық серіктесті табу. Аталмыш меморандумға қол қоя отырып біз стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейін анықтаймыз»,  деді А. Рау.

Вице-министр атап өткендей, елімізді энергияны көбіне өндіріс ошақтары тұтынады.

«Олар біздің базалық салаларымыз: көлік, тау-кен металлургия, химия, мұнайхимия. Бұл дегеніңіз белгілі бір кәсіпорында жаңғырту дегенді емес, жалпы күллі технологиялық процесті жаңғырту керек екенін білдіреді»,  деп атап өтті А. Рау.

Сонымен, форум барысында атап өтілгендей, өзара түсіністік туралы меморандум энергияны үнемдеу және энерготиімділікті арттыру мәселелері бойынша екі жақты ынтымақткастықты кеңейту мен стратегиялық серіктестікке бағытталған.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар