Вьетнамда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тұсаукесері өтті (Фото)

14 Шілде, 2015 13:46
Ханой қаласында Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігімен Ханой ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығында «100 нақты қадам – «Мәңгілік Ел» – Ұлттық идея» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Іс-шараға Ханой ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы, Вьетнамның ғылыми зиялылар мен сарапшы қауымдарының өкілдері, сондай-ақ университеттің профессорлары, оқытушылары, аспиранттар мен студенттері қатысты. «Дөңгелек үстел» Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған бес институционалдық реформаға.

Қазақстан Елшісі Бекетжан Жұмаханов өз сөзінде аудиторияны еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларында қол жеткізген негізгі жетістіктерімен таныстырып, Елбасының «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауына ерекше назар аударды. Қазақстандық дипломат қатысушыларды мемлекеттегі ауқымды институционалдық реформалар – 100 нақты қадам жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болып табылатын және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың 30 ең дамыған мемлекеттердің қатарына кіруі жөніндегі жоспарымен таныстырды.

Іс-шара шеңберінде пікір алмасу орын алып, вьетнамдық мамандар қазақстандық Ұлт жоспарды зерделеуге зор қызығушылық танытты. Тиімді мемлекетті құруды және білім саласында өзгерістерді көздейтін реформалар аса қызығушылық тудырды. Университеттің вице-президенті профессор До Вьет Хунг Қазақстанның бүгінгі күнгі дамуын және екі елдің арасындағы екіжақты қатынастарды дамытудың кең келешегін жоғары бағалады. Ол Ұлт жоспарда көрсетілген Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс реформаларының өзектілігі мен ауқымдығын атап өтті.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушыларына Қазақстан туралы бейнеролик ұсынылып, вьетнам тіліне аударылған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, сондай-ақ Қазақстан туралы түрлі ақпараттық материалдар таратылды.

 

Барлық жаңалықтар