- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық жол құрылысшылары ресейлік әріптестерімен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізін салу тәжірибелерімен бөлісті
Қазақстандық жол құрылысшылары ресейлік әріптестерімен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізін салу тәжірибелерімен бөлісті
Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның өкілдері «Ресей автомобиль жолдары» ресейлік мемлекеттік компаниясының, сондай-ақ Оренбург облысының автожол құрылымы мен Башқұрстан Республикасының өкілдерімен жүздескен. Кездесуге Ресей тарапы мұрындық болды және оның барысында қазақстандық жол құрылысшылары ресейлік әріптестерімен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізін салу тәжірибелерімен бөлісті.
Халықаралық магистральдің қазақстандық бөлігінде жұмыстар аяқталды, енді, РФ-Оренбург-Казань-Санкт-Петербург шекарасы бағыты бойынша қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек. Осыған байланысты, ресейлік жол салушылар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі» жобасы бойынша салынған Ақтөбе қаласының республикалық бағыттағы жолдарымен және қазақстандық жол салушылардың іс тәжірибелерімен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жоба Ақтөбеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2009 жылдың 22-қыркүйегінде басталды. Жоба аясында Ақтөбе облысында халықаралық және республикалық бағыттағы 356 км автожолдар қайта жөнделіп, «Ақтөбені солтүстіктен айналып өту» жаңа автожолы салынды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы