• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында құны 830 млн теңге болатын жылқы сүтінің тазартылған, құрғақ ұнтағын шығаратын жоба іске қосылды

Қарағанды облысында құны 830 млн теңге болатын жылқы сүтінің тазартылған, құрғақ ұнтағын шығаратын жоба іске қосылды

14 Шілде, 2015 11:13
Қарағанды облысының Осакаровка ауданының Дальний ауылдық округінде құны 830 млн теңге болатын жылқы сүтінің тазартылған, құрғақ ұнтағын шығаратын жоба іске қосылды, деп хабарлайды ҚР «Атамекен» ҰКП-сы.

Құны 830 млн теңге болатын аталмыш жобаны «Евразия Инвест ЛТД» ЖШС-і ішінара «Қазагроқаржы» АҚ-ның қаржысына жүзеге асырды. Компания несие қарызынан 5 жылдан соң-ақ құтылуды мақсат етіп отыр. Жақын арада кәсіпорын жылына 10 тонна құрғақ сүт өндіретін болады. Тауарларының бір бөлігін компания өкілдері Еуроодақ елдеріне саудалауды жоспарлап отыр. Айта кететін мәселе, құрғақ жылқы сүті тағам, фармацевтика, косметология өнеркәсібі салаларында қолданылады. Жылқы малының сүтін көбіне крем, сусабын, сабын дайындауда көп пайдаланылады, өйткені ол терінің жасарауына ықпал етеді.    

Компания басшысы Ғалымжан Мейірбеков медицина, фармацевтика, тағам өнімдерінің технологиясы саласындағы ең соңғы үлгідегі әлемдік жетістіктердің негізінде заманға сай, жоғары техноллогиялы, инновациялық өндірістің іске қосылғандығын атап өтті. Компнаия өкілдері өздері өндірген өнімді өткізетін алаң үшін алаңдап отырған жоқ, өйткені Осакаровка Қарағанды мен Астананың тиімді нарықтарынан алыс жатқан жоқ.  

Барлық жаңалықтар