Петропавл қаласында Жеңіс саябағын дамыту жобасы мақұлданды

14 Шілде, 2015 10:27
Петропавл қаласында Жеңіс саябағын дамыту жобасы мақұлданды, деп хабарлады СҚО әкімдігі.

Жеңiс саябағында тыл еңбеккерлерiнiң аллеясы жасалады. Бұл жайында саябақтың даму жобасын ұсынған Петропавл қаласының әкiмi Марат Тасмағамбетов баяндады.

«Саябақтың аумағы 9 гектар. Бүгiнде осы ауданда 9 мыңнан аса бала тұрады. Саябаққа келушiлердiң қатары қалың. Сондықтан велосипедшiлерге арналған жолдар қарастыруды, спорт алаңқайын кеңейтудi ұсынамыз», — дедi Марат Иманбайұлы.

Ал жаңа аллеядағы пилондарға солтүстiкқазақстандық тыл еңбеккерлерiнiң есiмдерiн жазу жоспарланған. Сондай-ақ, жобаға субұрқақ, сахна, жаңа аттракциондар қою сияқты жұмыстар енгiзiлген.

Облыс әкiмi саябақты жаңарту барысында осы маңдағы салынатын жаңа ауданның жобасын да есепке алуды тапсырды.

 

 

Барлық жаңалықтар