- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысының атына туған күніне және Астана күніне байланысты құттықтаулар келіп түсуде
Мемлекет басшысының атына туған күніне және Астана күніне байланысты құттықтаулар келіп түсуде
Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Р.Гасанов бүкіл түркі елдері үшін Қазақстан үздік үлгі және мақтаныш болып саналатынын атап өткен.
«Түркі елдері Сіздің тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің бірлігі мен дамуын қамтамасыз етудегі көшбасшылығыңызды мойындайды», – делінген жеделхатта.
Өз кезегінде Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Я.Омероглу мыңжылдықтар тоғысындағы қиын жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан болашаққа батыл қадамдар жасап, жоғары экономикалық және саяси мәртебеге жеткенін, сондай-ақ әлем елдері арасынан лайықты орын алғанын атап өткен.
Қытайдың шет елдермен достық қоғамының төрағасы Л.Сяолинь Нұрсұлтан Назарбаевтың шебер басшылығы және қоғамдағы беделі арқасында Қазақстан халқы зор нәтижелерге жеткеніне назар аударған.
«Жібек жолының экономикалық белдеуі» аясында Қазақстан-Қытай байланыстары өзара тиімді жағдайда дами береді деп үміттенеміз. Өз тарапымнан мен бұл қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне бар күш-жігерімді жұмсауға әзірмін», – деп жазады автор.
Мемлекет басшысын АҚШ-тың бұрынғы конгрессмені Э.Фалеомаваега туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, күш-қуат, бақ-береке және даналық тіледі.
«Мен өзім жақсы көретін халықтың – Қазақстан халқының татулығы, ынтымақтастығы және тұрақтылығы жолында жасағаныңыздың барлығы үшін Сізге ризамын», – делінген құттықтауда.
Аланиядағы (Түркия) Қазақстанның құрметті консулы, А.Джебеджи ел астанасының қарышты дамуында Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері айрықша рөл атқарып отырғанына тоқталған.
«Бүгінде Астана біздің халықтың ертеңгі күнге деген сенімін көрсетіп, оның ұмтылысы мен тілек-қалауының орындалуының кепілі бола отырып, уақыттан озып келеді», – деп жазады автор.
Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрынов Қазақстан халқы елдің жетістіктері бүкіл әлем үшін үлгіге айналғанын мақтаныш ететінін атап өткен.
«Әлемнің барлық елдері біздің сүйікті Отанымыздың жылдан жылға Сіздің дана басшылығыңызбен өркендей отырып, нағыз «Мәңгілік елге» айналып келе жатқанынан тәнті болуда». Сіз тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігінде татулық пен достық қарым-қатынастардың орнауы үшін қажымай еңбек етіп келесіз», – делінген хатта.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің игілігі жолындағы еңбегі, оның тұрғындары мен қазақстандықтардың бірлігіне, ынтымағына деген тұрақты қамқорлығы үшін алғыс айтқан, ең ізгі тілектермен өрілген құттықтаулар Астана қаласынан М.Кабдырахманұлынан, Алматы қаласынан Р.Рябиковадан, Оңтүстік Қазақстан облысынан Т.Дауылбаевтан, Атырау қаласынан Ә.Жолайдан, Ресей Федерациясы Томск қаласынан Н.Царскодан келіп түсті.
Мемлекет басшысының атына құттықтау хаттары мен жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар