- Басты
- Жаңалықтар
- XXVIII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада алтын және қола медальдардың рекордтық санын Қазақстандық студенттер жеңіп алды
XXVIII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада алтын және қола медальдардың рекордтық санын Қазақстандық студенттер жеңіп алды
Бұл жазғы Дүниежүзілік Универсиада тарихындағы біздің ең үздік нәтиже болып саналады. Бұған дейін ең үздік нәтиже 2007 жылы Бангкок қаласында, 5 алтын медаль алып, 11 жалпы командалық орын алған болатын.
XXVIII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан қоржынына бірінші алтын медальді 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Дмитрий Баландин салды. Ол жүзудің 100 м брасс түрінен алтын, 50 м қола медаль алды. Дмитрий тағы бір мәрте тек Азияның ғана емес әлемнің үздік жүзушілерінің бірі екенін дәлелдеді. Осы университеттің студенті Виктория Зябкина жеңіл атлетикадан 100 м, 200 м және 4х100 м жүгіруден Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова, Анастасия Тулапинамен бірге алтын медаль жеңіп алды. Таеквандо жарысында 58 кг салмақта М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Нурсултан Мамаев алтын алды. Алғашқы алтын медальді жеңіл атлетикадан 5,50 м биіктікке секіруден Никита Филиппов (әл-Фараби атындағы ҚазМУ) жеңіп алды.
Ойынның бірінші күні дзюдодан 70 кг салмақ дәрежесінде Жанар Қашқын үшінші орын алды. Стендке ату ойынынан қазақстандық шеберлер есебінде екі қола медаль бар. Әйелдер командалық турнирінде Әсем Орынбай, Ангелина Мищук пен Жәния Айдарханова үшінші орынды иеленді, осыған ұқсас тәртіпте ерлер арасында Андрей Фролов, Владимир Почивалов пен Александар Ещенко да осындай нәтижеге жетті.
6 алтын медальдың 5-ін әл-Фараби атындағы ҚазМУ студенттері жеңіп алды. Дүниежүзілік Универсиаданың тарихында осындай көп көлемді алтын медальдарды бір ЖОО-ның студенттері алды. Барлығы университет атынан Қазақстан құрамасына тоғыз студент кірді. Жеңімпаздарды Алматы әуежайында қоғамдық спорт мүшелері, БАҚ және студенттік жастар қарсы алды.
Осы орайда ҚазҰУ-дың халықаралық спорт аренасында Қазақстан беделін асқақтатқан саңлақ спортшылар тобын тәрбиелеп шығарғанын атап өтуге тиіспіз. Мысалы, ҚазҰУ студенттері 2014 жылы Инчхонда өткен XVII Азия ойындарында 4 алтын, екі күміс және үш қола медаль иеленді. ҚазҰУ-дың 11 студенті ел құрамасы қатарында 2012 жылы Лондон Олимпиадасына да қатысқан болатын.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді