Қазақстан ДСҰ-ға кірген соң сауда алаңы кеңейеді – депутат

13 Шілде, 2015 18:09
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң қызмет аймағы мен сауда алаңы кеңейеді, бәсекелестік күшейеді, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимошенко Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Қазақстан ДСҰ-ға кірген соң қызмет алқабы кеңейіп, бәсекелестік күшейе түседі. Ал бәсекеліктік дегеніміз не? Бұл жаңа идеялар, жоғары технологиялар, ең бастысы өнімдер мен қызметтердің сапасы. Бүгінде біз кейбір бағыттар бойынша Ресейдің өзінің алдын алып отырмыз. Мысалы әлеуметтік жобалар, заңнама бойынша, өнеркәсіп саласы бойынша да заман ағымынан қалмай келеміз»,-деді Ю.Тимошенко.   

Оның сөзінше, Қазақстан ДСҰ-ға кірген соң отандық кәсіпкерлер үшін сауда алаңы кеңейеді, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдері үшін.

«Осы ретте қазақстанда бидайдың қажеттілігін айтса болады, өйткені оның құрамында клейковина көп. Бидайдың қатты сорттарын бізден Ресей мен Италия сатып алады. Бұған қоса ет, сүт өнімдері мен кондитерлік өнімдерді мысалға келтіруге болады»,-деді депутат.   

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың маусымында жұмыс тобының соңғы отырыс өтіп, онда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздері аяқталғандығы жария етілді.

«ДСҰ-ға мүше болу біздің экономикамыз үшін жаңа көкжиектер ашады. Ол біздің кәсіпорындарымызға шетел нарығына жол ашып, тұрғындар үшін түрлі тауарлар мен қызметтерді ұсынады»,-деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты келіссөздердің аяқталуына орай халыққа жолдаған Жолдауында.      

Ботагоз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар