СҚО-да құны 3 млрд теңге тұратын Спорт сарайы салынуда

13 Шілде, 2015 18:57
СҚО-да Александр Винокуров атындағы спорт сарайының құрылысы 80%-ға аяқталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламада аталып өткендей, қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары жүргзілуде, терезелер орнатылып, көлемі 2 мың шаршы метр мұз айдынын сумен қамтамасыз ету құралдары тексерілуде.

Аймақ басшысы бас мердігерге құрылыс жұмысын сапаға зиян келтірмей мерзімінде аяқтауды қатаң тапсырды.

«Жұмыс белсенділігін арттыру керек,  жабындыны аяқтап, әрлеу жұмыстарын күшейту керек. 20 тамызда жұмыс комиссиясының актісіне қол қойылады.»,  деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов.

Александр Винокуров атындағы спорт сарайы жобасы бойынша үш функционалды блок бар: жеңіл атлетикалық манеж, мұз айдыны мен велошабандоздар мектебі. Мұнда жаттығулар мен спорттық жарыстар өткізу жоспарлануда. Әмбебап спорт залы 500 көрерменге, мұз айдыны 1000 орынға есептелген. Ғимараттың жалпы алаңы 11 мың шаршы метрден асады. Жоба құны 3 млрд теңге. Нысанды ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Барлық жаңалықтар