• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мұсақожаева: Астанада Бүкіләлемдік ICTM конференциясын өткізу – бұл елдің бренді

А.Мұсақожаева: Астанада Бүкіләлемдік ICTM конференциясын өткізу – бұл елдің бренді

13 Шілде, 2015 16:18
Астанада дәстүрлі музыка бойынша 43-ші Бүкіләлемдік ICTM конференциясын өткізу – бұл елдің брендингі, деді Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Айман Мұсақожаева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

«Мұндай іргелі іс-шараны ұйымдастыру елдің бриндингі деуге болады. Осыған байланысты біз бүгін мәдени саясат елдің идеологиялық және саяси-мәдени тұрақтылығының ажырамас бөлігі деп нық сеніммен айта аламыз. Жаһандану дәуірінде еуразиялық контингенттің мәдениетінің дамуы өзге емес бізбен байланысты дегім келеді»,-деді А.Мұсақожаева.   

ҚазҰӨУ ректорының айтуынша, аталмыш конференция барысында түрлі материалдар мен оқулықтар, жинақтар дайындалады және олар кейін дәстүрлі музыканы дамытуға ықпал етеді.  

«Бір апта бойына Қазақстан, АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай, Бразилия, Түркия, Оңтүстік Африка, Чехия, Ұлыбритания, Канада, Португалия сияқты өзге де бірқатар мемлекеттердің өкілдері ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнер салалары бойынша пікір алмастырады. Іс-шараға қатысушылар конференция қорытындысы бойынша, ICTM-ге мүше мемлекеттердің материалдық және материалдық емес мәдени мұраларын зерттеу мен зерделеу, құжаттау мен мұрағаттау шараларын жаңа деңгейге көтереді деп үміттенеді»,-деді ол.   

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 2015 жылдың 16-22 шілдесі аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінде мәдениет пен өнер әлеміндегі ең ірі халықаралық форумдардың бірі –мемлекеттердің дәстүрлі музыкаларының 43-ші Бүкіәлемдік ICTM  конференциясы өтеді. Іс-шараға Халықаралық түрік ұйымы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдау көрсетеді.    

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар