- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ең үздік әлеуметтік жобалар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды
Қазақстанда ең үздік әлеуметтік жобалар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды
Бұл конкурс республикада үш жыл бойы өткізілуде. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға, өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, басқа да халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына нақты көмек көрсету болып табылады.
Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссиялар құрылған, олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері, әкімдердің әлеуметтік мәселелерімен айналысатын кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясы бөлімшелерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және басқа да мүдделі адамдар кірді.
Конкурсқа қызметтері әлеуметтік қорғау жүйеісін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің ұйымдары, жеке тұлғалар, басқа мекемелер мен ведомстволар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің қабылдануын жергілікті атқару органдары 31 тамызға дейін жүзеге асырады.
Облыстық комиссиялардың талқылауының қорытындысы бойынша ең үздік әлеуметтік жобалар республикалық комиссияның қарауына ұсынылады, олар конкурсттың лауреаты атағын беру туралы шешім қабылдайды.
Ең үздік әлеуметтік жобалардың тұсаукесер рәсімі және конкурс жеңімпаздарын марапаттау әлеуметтік қорғау жүйеі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтеді.
«Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсы бірінші рет Астанада 2013 жылы өткенін естеріңізге саламыз.
Конкурсқа Қазақстанда іске асырып жатқан: жастарды, балалар мен жасөспірімдерді; отбасыларды (отбасылық сәтсіздіктің алдын алу); қиын жағдайларға тап болған әйелдер мен ерлерді; қарттарды, девианттық және делинквенттік міңез-құлыққа, аддикцияға бейім адамдарды; мигранттарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша жобалар қатысты.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады