- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында Сандықтау ауданы күні атап өтілді (ФОТО)
Ақмола облысында Сандықтау ауданы күні атап өтілді (ФОТО)
Сандықтау ауданының тұрғындары 19 мың 600 адам, ауданда 13 ауылдық округ пен Мәдениет ауылы бар.
«Бүгін біздің аудан даму үстінде. Жыл сайын жаңарып, жетілудеміз. Біздің ауданымыз өзінің ауыл шаруашылығы саласымен мақтанады. Биылғы жылы бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Мектептер компьютер сыныптарымен қамтамасыз етілуде. Барлық аудан тұрғындарын құттықтаймын, оларға денсаулық, жұмыста сәттілік тілеймін»,-деп құттықтады тұрғындарды аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов.
Мерекені «Үздік киіз үй» байқауы ашты. Жеңімпаз болып Сандықтау мен Новоникольское ауылдық округтері танылды. Сонымен қатар, мұнда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Қазақша күрес» жарысында облыстың көптеген аудандарының палуандары мен көршілес Солтүстік Қазақстан облысынан да спортшылар келді. Ал мерекенің көркі әдеттегісінше ат бәйгесі болды. Оған Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Ақтөбе қалаларының атбегілері қатысты.
Жарыста 1 мың 800 метр қашықтықта бәйгені Ақтөбе қаласынан келген шабандоз жеңіп алды. «Құнан бәйге» жарысында 5 км қашақтық бойынша Петропавл қаласының өкілі өзгелерден басым түсті. 2 км-ге бағытталған жарыста сандықтаулық шабандоз алдына жан салмады. Бас жүлде «Лада Гранта» автокөлігі. 5 км-ге жіберілген «Жорға жарыс» бәсекесінде Астана қаласының өкілі жеңді.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен әрлендіріліп отырды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр