• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚазТрансОйл магистральдық құбыржолдары жүйесі арқылы қайта айдау қызметі тарифтерін бекітті

ҚазТрансОйл магистральдық құбыржолдары жүйесі арқылы қайта айдау қызметі тарифтерін бекітті

13 Шілде, 2015 16:34
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбыржолдары жүйесі арқылы қайта айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет тарифтерінің бекітілгені жайында хабарлайды, деп хабарлады компания.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №391-НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2015 жылғы 26 маусымдағы №253-НҚ бұйрығын қабылдауына байланысты, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 маусымында № 64 бұйрығымен «ҚазТрансОйл» АҚ магистралдық құбырлармен мұнай айдау қызметтеріне келесі тарифтер бекітілді:Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында – 1000 км-ге 1 тонна үшін 5 817,2 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Туймазы – Омбы – Новосибирск-2 магистральдық құбырының қазақстандық учаскесімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында – 1000 км-ге 1 тонна үшін 1 727,1 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) 2015 жылғы 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Барлық жаңалықтар