- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да «Бизнестің жол картасы -2020» белсенді жүзеге асуда
ШҚО-да «Бизнестің жол картасы -2020» белсенді жүзеге асуда
Осылайша, Шемонаиха ауданында бағдарламаны жүзеге асыру екі бағытта жүріп жатыр. Бірінші «Жаңа бизнес-бастамашыларды қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банк 145 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен құрылғыларын сатып алу жөніндегі «Защита Уба» ЖШС жобасын қолдады. Сонымен қатар, шығыстың тәтті тағамдарын дайындау мен клиника-диагностикалық орталықты кеңейту сияқты өзге де жобалар қаралуда.
Екінші, «Кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау шараларын көрсету» бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне қысқамерзімді оқыту үшін көшпелі мектептер ұйымдастырылды. Осы жүйе бойынша білім алған 37 адам сертификат алды. 2015 жылдың басынан бастап, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы заңды және жеке тұлғаларға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша 767 консультация өткізді.
«Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша, облыста өңірдің дамуына айтарлықтай ықпал еткен біршама өзгерістер болды. Сондықтан оларды облыстың бағдарламалар өте сылбыр жүріп жатқан аудандарына үлгі ету керек»,-деді өңір әкімі Д.Ахметов.
Жарма ауданында бүгінгі таңда екінші дегейлі банктер тарапынан 15 жобаны қаржыландыру мәселесі көтеріліп отыр. Осылайша, Омск-Майқапшағай автожолының бойында «Жол болсын» жол бойындағы кешенінен көлікке көрсетілетін қызмет түрлері ашылады сонымен қатар, ауданның кәсіпкерлерінің бірі «Даму стартап» бағдарламасы бойынша баспаханалардың бірінің иесі болады. Қалғандары екінші деңгейлі банктердің қарауында жатыр.
Айта кететін мәселе, аудандарда кәсіпкерлерді қолдау орталықтары қызмет етуде, тұрақты түрде оқыту семинарлары ұйымдастырылуда.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр