• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-да жылу беру маусымына білім беру мен мәдениет нысандарының 60 пайызы дайын

СҚО-да жылу беру маусымына білім беру мен мәдениет нысандарының 60 пайызы дайын

13 Шілде, 2015 15:48
Солтүстік Қазақстан облысында осы жылы коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарын дайындауға республикалық және облыстық бюджет 1 млрд 82 млн және 2 млрд 746 млн теңге қарастырып отыр, деді СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда облыста 325 және 544 қазақандық дайын, жылу  беру маусымына  білім берудің және мәдениет нысандарының 60 пайызы, 66 – денсаулық сақтау нысандары дайын. СҚО аудандарында мектептерінде қазақндықтарды ауыстыру жүруде.

Есіл ауданында орталық қазандыққа 2 қазанды орнату үшін 6 млн теңге бөлінді. Бұл жердегі барлық жұмыстарды 1 қазанға дейін аяқтаған жөн. Жақын арадағы жылу беру маусымына сәйкесінше көмір сатып алынды.

«Жылу беру маусымына дейін аз уақыт қалды. Әр күн сайын 15-20 үй паспорт алуы тиіс. Қала мен аудан басшылығының төрағалығымен штаб құрып, нысандарға шығып, дайындықты пысықтау қажет», - деді Ерік Сұлтанов.

 

 

Барлық жаңалықтар