• Басты
  • Жаңалықтар
  • Петропавл қаласының жылу жүйесін дамытуға биылғы жылы 3 млрд-тан астам теңге бөлінді

Петропавл қаласының жылу жүйесін дамытуға биылғы жылы 3 млрд-тан астам теңге бөлінді

13 Шілде, 2015 14:47
Петропавл қаласында 2Ду 1000 жылу магистралі құрылысының бірінші кезеңі жүзеге асырылуда, деп хабарлайды СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламадан мәлім болғанындай, жылу магистралін қайта құру бойынша, ұзындығы 4 км болатын бағыт өтеді. Бірінші кезектегі бөлік 1,6 км-ден сәл көбірек.

«Петропавл жылу желісі» Бас директоры Игорь Рыбастың ақпараттары бойынша, бетон құю сияқты құрылыстың ең қиын жақтары аяқталды, құбыр желісін монтаждау жұмыстары басталды.     

Сондай-ақ хабарламада жылу магистралінің құрылысында заманға сай энергияүнемдеуші технологиялар  қолданылып жатқандығы айтылған. Арнайы материалдармен қапталған полипропилен қабықшалары бар құбырлар су мен жылуды жоғалту мүмкіндігін айтарлықтай азайтады, соған қарамастан, олар 25 жылдан астам уақыт қызмет етеді. Салыстырмалы алғанда, осыған дейінгі қолданылып келген құбырлар ең көбі 20 жылға шыдайтын. Қазақстанда өндірілген құбырлардың тағы бір артықшылығы оның ұзындығы мен өткізу мүмкіндігінде, оның диаметрі 1 мың мм. (осыған дейінгісі – 700 мм).   

Жалпы Петропавл қаласында жылумен қамту жүйесін жетілдіруге биылғы жылы республикалық бюджеттен 3 млрд-қа жуық теңге бөлінген.   

 

 

Барлық жаңалықтар