- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК әскери қызметшілері «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына қатысу мүмкіндігі үшін сайысқа түсуде (ФОТО)
ҚР ҚК әскери қызметшілері «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына қатысу мүмкіндігі үшін сайысқа түсуде (ФОТО)
Жарыстың нәтижелері бойынша ең мықты, ең шыдамды және білімді деген әскери қызметшілер анықталып, халықаралық байқауда Қазақстанның және біздің армияның намысын қорғайтын болады. Бірінші кезең – «Кәсіпқой» жарысы. Бұл жерде қатысушылардың кәсіби-лауазымдық білімі және іс жүзіндегі машықтанған дағдылары бағаланады. Жауынгерлік даярлықтың бірнеше жаттығуларын, атап айтсақ, АРД кедергі сызығы, жалпы әскери қорғаныс кешенін кию, суық қаруды лақтыру, атыс жаттығуларын орындау ұсынылады.
Екінші кезең – «Атлет» - әскери қызметшілердің дене даярлығын тексеру болып табылады. Үшінші кезеңде қатысушылар АК-74 автоматымен жұмыс істеу ептілігін көрсетеді (уақытты және түрлі жағдайлар мен атыс кезінде оқ-дәрілердіаз ғанашығындай отырып жоғарғы жауынгерлік мүмкіндіктерді пайдалану).
Соңғы екі кезеңде қатысушылар ҰОС жылдарындағыәскери тарих, кеңес жауынгерлерінің даңқы және жауынгерлік ерлігі, ТМД елдерармияларының дәстүрлері, халықаралық гуманитарлық құқық нормалары туралы білімін тестілеу бойыншаіріктеуден өтеді. Содан кейін әскери қызметшілер сөз сөйлеу, әдеби-көркемдік, вокальдық және би жанры аясында өнерлерін көрсетеді. Олар батырлық-патриоттық тақырыпта (Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарындағы қызметі, достық және жауынгерлік жолдастық, Отанға деген сүйіспеншілігі, біздің батырлар) нөмір даярлайды. Қатысушылар бір ай бойы тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен мықты даярлықтан өтіп, 2015 жылдың 17-25 шілдесі аралығында «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына қатысады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі