- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков: ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерді тарту – басты міндет
Ә. Жақсыбеков: ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерді тарту – басты міндет
Әкім Елорда күнін мерекелеуге атсалысқан барлық құрылымдардың жоғары деңгейлі және бірлескен жұмыстарына оң бағасын берді. Жалпы, Астана қаласында 80 мерекелік іс-шара өтіп, оған 700 мыңнан астам қонақ қатысты. Мерекелік шаралар жөнінде баяндау үшін 700 астам отандық және шетелдік БАҚ өкілі аккредитацияланды. Биылғы шаралардың бір ерекшелігі - барлық аудандар мен тұрғын алаптарын қамту болды.
«Елорданың мерекелік безендірілуіне ерекше тоталып өтпекпін. Әлеуметтік желілерде тұрғындардың қаланың келбетіне оң бағасын бергенін байқауға болады. Түрлі мерекелік мүсіндердің жанында түскен суреттер жарияланып жатыр. «Ел жүрегі – Астана!», «I Love Astana» секілді бренд мүсіндер үлкен резонансқа ие болды», - деді әкім.
Сондай-ақ, жиналыс барысында елорданың дамуы үшін нәтижелі жұмыс пен табанды еңбек етіп жүрген ең үздік қалалық құрылымдар марапатталды.
Аудандар арасында «Есіл» ауданы топ жарды. «Үздік қалалық құрылым» аталымында Білім басқармасы, «Үздік аумақтық құрылым» ретінде Ішкі істер департаменті, «Үздік қалалық өнеркәсіп» ретінде «Елорда Даму» ЖШС танылды.
Өзге де өзекті мәселелер туралы айта келе, қала басшысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне туристер мен қонақтарды тарту жұмыстарына баса назар аударды, сонымен қатар, осы бағытта «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен қалалық құрылымдар арасында тығыз қарым-қатынас орнатылуы керек екендігін айтты. Әкім Қытай, Ресей секілді мемлекеттердің шекаралас қалаларымен өзара қарым-қатынасты жолға қоюды да сөз етті.
«Қазір біз үшін келушілерді тарту – басты міндетіміз. «Қалалар дипломатиясы» каналдарын тиімді пайдалану қажет, әсіресе, ТМД ірі қалалары мен елордалары Халықаралық Ассамблеясы желісі бойынша», - деді Ә. Жақсыбеков.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды