• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылордалық ауыр атлеттер ҚР-ның ауыр атлетика бойынша чемпионатында 14 медаль иеленді

Қызылордалық ауыр атлеттер ҚР-ның ауыр атлетика бойынша чемпионатында 14 медаль иеленді

13 Шілде, 2015 20:43
Қостанай қаласында ауыр атлетикадан 1999-2000 жылдары туылған, 2001 және одан төменгі жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтті. Еліміздің барлық облыстарынан 22 команда, 354 ауыр атлет қатысқан сайыста Сыр елінің спортшылары 14 жүлдемен оралды, деп хабарлады Қызыорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз 6 қола жүлдені олжаласа, оның төртеуін шиелілік спортшылар еншіледі. Қыздар арасында 53 келіде шеберлік байқасқан шиелілік Айсамал Сансызбаева күміс жүлдені еншілесе, Ж.Баһадүр атындағы мектеп-интернат оқушысы Зарина Зархумова қола жүлдеге қол жеткізді. 

Жалпыкомандалық есепте ұлдар арасында облыс құрама командасы екінші орынды иеленді. Қыздар төртінші орынды қанағат тұтты. Жарыста «Үздік техника көрсеткені үшін» номинациясымен Рахат Бекболат (№1ООРМБЖМ) марапатталды.

Барлық жаңалықтар