Қызылорда облысында гидрометаллургиялық зауыт ашылады

13 Шілде, 2015 13:04
«Шалқия» кенішіндегі қорғасын мырыш өндірісін «Самұрық Қазына» қорымен бірлесе игеру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде кен байыту комбинатының базалық жобасын әзірлеу аяқталып, детальдық жобалау жұмыстары қолға алынды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Айта кетейік, осы  жылдың мамыр айында «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеевтің іссапары аясында кәсіпорында қорғасын мен мырышты терең өңдеуге бейімдеу және соның негізінде гидрометаллургиялық зауыт құрылысын салу жөнінде шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде металлопрокат алуға мүмкіндік беретін жобаның келесі сатысы болып табылады.

Сонымен қатар, «Молль» неміс компаниясы «Тау Кен Самұрық» Ұлттық компаниясымен осы аумақтағы қорғасынды пайдалана отырып аккумулятор зауытын салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. 

Сонымен бірге, машина жасау және ферроқорытпа зауыттарының құрылысы жөніндегі жобалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуге жіберілді.

 

Барлық жаңалықтар