• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ресей халқы Ассамблеясының сарапшысы Қазақстанның Ұлт жоспарын дамыту бойынша тәжірибесін атап өтті

Ресей халқы Ассамблеясының сарапшысы Қазақстанның Ұлт жоспарын дамыту бойынша тәжірибесін атап өтті

13 Шілде, 2015 10:58
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылау маңызды, бізді қазақстандық әріптестердің мәдени, гуманитарлық ынтымақтастық бағытындағы және қазақстандық сәйкестікті нығайту тәжірибелері қызықтырады, деді Ресей халқы Ассамблеясы Кеңесі төрағасының орынбасары Веналий Амелин Астанада өткен «100 нақты қадам» Ұлты жоспары» халықаралық дөңгелек үстел отырысында.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылау маңызды, біздің қазақстандық әріптестердің мәдени, гуманитарлық ынтымақтастық бағытындағы және қазақстандық сәйкестікті нығайту тәжірибелері қызықтырады, өйткені Ресейде де ресейлік сәйкестік нығайтылуда. Ресей Президенті Владимир Путин 2012 жылы Жарлыққа қол қойды, оның бағыттарының бірінде бір мемлекеттің азаматтарын нығайту мәселесі қарастырылған. Бұл бағытта Қазақстанда үлкен тәжірибе бар»,-деді В.Амелин.   

Бұған қоса, сарапшы осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ресей халықтары Ассамблеясының арасында арнайы келісімге қол қойылғандығын атап өтті.   

«Сонымен қатар шекаралас қалаларды жүзеге асыру барысында осындай келісімдерге қол қойып жатырмыз, Оренбург облысының халықтар Ассамблеясы мен Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және БҚО. Біз мәдение және гуманитарлық бағыттағы шараларды жүзеге асырудамыз»,-деді ол.  

Оның сөзінше, Ресейде 193 ұлт өкілдері бар, тек Оренбургтің өзінде ғана 126 ұлт өкілі өмір сүруде. Қазақстандықтар бұл облыста халық саны жағынан 3-ші орында.   

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар