- Басты
- Жаңалықтар
- Армияның спортшысы Оңтүстік Кореяда өткен Универсиадада Қазақстанға алтын медаль әкелді (Фото)
Армияның спортшысы Оңтүстік Кореяда өткен Универсиадада Қазақстанға алтын медаль әкелді (Фото)
Финалда Еуропа ойындары – 2015 чемпионы, 57 кг салмақ санатындағы португалиялық Руи Браганканы жеңіп, сәтті ойын көрсетті.
Осылайша, халықаралық сыныптағы спорт шебері, Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысушы, Австралия Оупен-2015» турнирінің жеңімпазы біздің құраманың қоржынын тағы да бір алтын медальмен толықтырды. Естеріңізге сала кетсек, Универсиада – 2015 Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында шілденің 6-16 аралығында өтеді. ҚР Қорғаныс министрлігі Армияның орталық спорт клубынан жеті спортшысы біздің құраманың атынан шығады.
Олар спорттың екі түрінен, атап айтсақ, таэквонда және дзюдодадан сайысқа түседі. Таэквондо бойынша топ құрамында Қазақстанның чемпионы, 2012 жылы әскери қызметшілер арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері кіші сержант Мереке Жүнісова, ҚР және халықаралық турнирлердің чемпионы қатардағы жауынгер Руслан Жапаров, спорт шебері, ҚР чемпионы қатардағы жауынгер Марат Әбдіқалиев, ҚР ҚК қызметкері – Лондон олимпиадасына қатысушы, ҚР чемпионы Нұрсұлтан Мамаев және спорт шебері, ҚР чемпионы Азамат Теңізбаевтар да бар.
Топ жаттықтырушысы – таэквондо бойынша Қазақстанның және Ресейдің екі мәрте чемпионы, 1995 жылы әскери қызметшілер арасында өткен әлем чемпионының күміс жүлдегері капитан Әнуар Үсенов. Сонымен қатар, Универсиадаға ҚР ҚМ АОСК спорт шебері, дзюдо бойынша Қазақстанның және халықаралық турнирлердің чемпионы қатардағы жауынгер Гумар Қырғызбаев қатысады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Алтын Орда тарихы неге зерттелмеді -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсарин -
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді -
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды