Ақтөбелік БЖСП үшін жаңа ғимарат салынды

13 Шілде, 2015 10:54
Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Балалар жасөспірімдер спорт мектебі Қарғалы селосында 1980-1981 оқу жылының 1 қыркүйегінде Сатпаев көшесі № 81  жылы тұрғын үйдің қалыптастырылған бөлімшесінде өз жұмысын бастаған. Осы уақыт аралығында мектебімізде бірнеше спортшылар дайындалып шығарылды.

Жасөспірімдік спорттық разряд – 503, соның ішінде грек-рим күресі бойынша-218, самбо-246, жеңіл атлетика-72, еркін күрес-20, қазақша күрес – 47.

 І спорттық разряд -81, соның ішінде грек-рим күресі бойынша-53, самбо-18, жеңіл атлетика-7, еркін күрес -3.

СШҮ( спорт шеберіне үміткер) – 168, соның ішінде грек-рим күресі бойынша-94,

самбо-56, жеңіл атлетика-4, еркін күрес-14.

СШ(спорт шебері) -46, соның ішінде грек-рим күресі бойынша-27, самбо-11, жеңіл атлетика-1, еркін күрес-7.

ХД СШ( халықаралық дәрежедегі спорт шебері)-2.Құдайбергенов Асхат және Адилов Асет.

150 спортшы Жилянка елді мекенінде жаттығады, ал қалған спортшылар Ақтөбе қаласының бөлімшелерінде жаттығады.

Жаттықтырушылар саны -25 : оның ішінде жоғары дене шынықтыру маманы – 21, жоғары санатты -5, І санатты-11, спорт шебері-9, еңбегі сіңген жаттықтырушы-1, еңбегі сіңген спорт шебері -1.

Жаңа типтегі Сатпаев көшесі № 52 а спорт ғимаратының  ашылуына байланысты оқушылар құрамы өсуде.. Жаңа ғимаратта күрес залы  екі төсеніш кілеміне арналған (12х12 м)  жалпы ауданы – 447 шаршы метр (18х26м) және жеке күш дайындығына арналған тренажер залы қарастырылған. Залға диаметрі 9 метрлік төсеніш төселген, гимнастикалық қабырға, гимнастикалық сақина, өрмелеуіш арқан, күрес манекені  сонымен қатар қабырға айналары (3,0х1,5м) ілінген. Күрес залында күнніне  10 топ, яғни  200 оқушы  жаттыға алады.

Ойын залының жалпы ауданы 612 шаршы метр(36х18м). Бірнеше спорт түрінен ( бадминтон, баскетбол, волейбол, теннис) оқу жаттықтыру сабақтарын өткізуге арналған. Бадминтон ойынының құрал жабдықтары: қозғалмалы тіреу, тор.

Гантелдерге, штангі дискілеріне арналған стеляждар орналастырылған. Бұл зал күніне 100 оқушының  жатығуына қарастырылған.

 Іс шараларды қалпына келтіруге арналған ауданы 21 шаршы метр сауна, 7 шаршы метр бассейн бар.

 Мектеп құрылысын  ЖШС   «Алихан Ойл -3»» мекемесі 1 жыл ішінде жалпы ауданы 4468,4 шаршы метр мектеп құрылысын аяқтады. 

Барлық жаңалықтар