Степногорск қаласында лифт шаруашылығы қалпына келтірілуде

13 Шілде, 2015 10:21
Степногорскіде тұрғын–үй коммуналдық шаруашалық саласын жаңғырту бағдарламасы бойынша тұрғын қоры қалпына келтірілуде, яғни кондоминумы бар әрбір үй мемлекеттің есебінен қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуг мүмкіндік алды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».

Хабарламада қаланың маңы мен ондағы аулалар абаттандырылып, балаларға арналған шағын ойын алаңдары салынуда.  

Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама бойынша, Сепногорск қаласында лифт шаруашылығы қалпына келтірілуде. Қалада 70 көпқабатты үй бар және олардағы лифтілер ұзақ уақыттар бойына бұзылып, жөндеусіз тұрды.  Қазіргі таңда 176 лифтінің 146-ы жұмыс істемей тұр. Оның ішінде 30 лифт ауыстыруды қажет етеді.  

Степногорск қаласының әкімі Әнуар Құмпекеевтің айтуынша, 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында биылғы жылы 20 лифтіні қалпына келтіріп, қалған 10-ын 2016 жылы іске қосу көзделіп отыр. Қала әкімі мен коммуналдық қызмет өкілдерінң бірлескен қимылдарының нәтижесінде бастамашыл топ мүшелері 16 лифтіні қалпына келтіретін болды.  

«Қазіргі таңда лифттерін іске қосуға ниет білдіріп отырған 16 кіреберістің тұрғындарының 9 лифті бар үйлерде кондоминум болып шықты, 5 лифті бойынша техникалық құжаттар дайындалуда. Екі лифт бойынша жер актілері дайындалуда,-деді Степногорск қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нана Антидзе.    

Барлық жаңалықтар