Елімізде ШОБ саны биылғы жылдың мамыр айында 180 компанияға артты

13 Шілде, 2015 10:04
Еліміз бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында шағын белсенді кәсіпорындардың саны 116,3 мыңға жетті (180 компанияға артты), деп хабарлады ranking.kz мониторинг агенттігі.

Хабарламада айтылғандай, шағын бизнес мегаполистен аймақтарға көшуде. Мамыр айында бизнес-регистр 10 облыста шағын белсенді кәсіпорындардың артуын тіркеді. Көш басында Оңтүстік Қазақстан (плюс 122 белсенді компания) және Қарағанды облыстары (плюс 90).

Шағын бизнестің ең көп шоғарлануы баяғыша Алматыда, мамыр айында қаржы орталығында көрсеткіштер төмендеген (минус 0,1 %, ҚР-ның  22,2% дейін). Астананың үлесіде азайды (ҚР-ның 7,3 %).

Аталып өткендей, шағын белсенді кәсіпорындар саны бойынша аймақтар ішінен ОҚО (ҚР-ның 8,4%, өсім -  0,1%) мен Қарағанды облысы ( тұрақты 8,1 %)көш басында.

Жалпы, Қазақстанда соңғы бес жылда белсенді шағын кәсіпорындар саны 12,2%-ға артты.

 «Мегаполистерде керісінше сол бес жылдағы өсім тым төмен, Алматы  12,1 %, Астана  барлығы 8,7 %»,  -делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар