Ақмола облысының палуаны Дастан Зарлыханов Азия чемпионы атанды (ФОТО)

13 Шілде, 2015 09:12
Ақмолалық палуан Дастан Зарлыханов 2015 жылы жастар арасында грек-рим күресінен өткен Азия чемпионатында алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».

Дастан Зарлыханов Т.Уәлиев атындағы Жақсы аудандық спорт мектебінің тәрбиеленушісі, қазір ол Ақмола облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде білім алуда, ол 55 келі салмақта Азия аймағында алтын медальға лайықты деп танылды.   

Д.Зарлыханов Азия чемпионы атана отырып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады және өзінің осы жеңісімен Қазақстан құрамасының медальдар қоржынының толығуына үлес қосты. Оның бапкері Егор Мукштадт.    

Естеріңізге сала кетейік, грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты Нейпьидода (Мяньма) өтіп жатыр. Аға бапкер Боранбек Қоңыратовтың жетекшілігіндегі Қазақстанда құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медальды олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. 

Барлық жаңалықтар