• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ҚР Қорғаныс министрінің кубогына волейболдан өткен чемпионат аяқталды (Фото)

Астанада ҚР Қорғаныс министрінің кубогына волейболдан өткен чемпионат аяқталды (Фото)

13 Шілде, 2015 08:37
Астанада ҚР ҚМ Орталық аппараты мен ҚР Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелеріндеволейболдан өткен чемпионат өз мәресіне жетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Аталған іс-шарада ҚР Қорғаныс министрінің кубогы  -  турнирдің басты жүлдесі үшін 500-ге жуық әскери қызметші, оның ішінде құрамы ерлерден құралған 27 топ және әйелдерден құралған 15 топ сайысқа түсті», - делінген хабарламада.

Табанды сайыстың нәтижесінде әйелдер арасында волейболдан бірінші орынды 55765 әскери бөлімінің командасы жеңіп алса, екінші орынды 14776 әскери бөлімі иеленді, ал үшінші орын ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қыз-келіншектеріне бұйырды.

Ер азаматтар арасындағы топтар бойынша жүлделі орындар өз иесін тапты, атап айтсақ, бірінші орынды – ҚР ҚК Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, екінші орынды – ҚР ҚК Тыл бастығы басқармасы, ал үшінші орынды – Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті иеленді. Сонымен қоса чемпионатта үздік ойыншылардың есімдері мәлім болды.

 Олар 55765 әскери бөлімінің келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгері Айгүл Тәуей және Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің атынан шыққан сержант Ботагөз Мұсаева еді. 

 

Барлық жаңалықтар