• Главная
  • ҚР Құрлық әскерлерінің үлгілі тәрбиеші офицерлері марапатталды
11 июля, 2015 15:58

ҚР Құрлық әскерлерінің үлгілі тәрбиеші офицерлері марапатталды

36352 әскери бөлімінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері тәрбие құрылымдары офицерлерінің жедел-әдістемелік жиыны аяқталды, деп хабарлайды әскери ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР Құрлық әскерлерінің үлгілі тәрбиеші офицерлері марапатталды

Үш күн бойы теория және іс жүзінде әскери қызметшілер жеке құраммен жауынгердің іс-қимылдарға моральдық-психологиялық дайындығынан бастап аяқталған соң оңалтуға дейінгі жұмыс істеу әдістерін пысықтады.   

Жиын қорытындысы бойынша, Қазақстан Құрлық әскерлерінің үлгілі тәрбиеші офицерлері құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Әскери тәрбиеші офицерлердің міндеттемелерінде әскери дайындық бағытындағы міндеттерді шешу мен оқу-әскери, әскери міндеттерді орындауда тәрбиелік және идеологиялық жұмыстарға деген бірінші кезектегі жауапкершілік қарастырылған. Жауынгерлердің іс-әрекеттері қаншалықты сәтті болатындығы сіздердің қызметтеріңіздің тиімділігіне байланысты», - Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.  

Естеріңізге сала кетейік, әскерге жақында ғана батальон психологтары (бұдан бұрын бригадалардың психологтары ғана болған) лауазымдары енгізілді. Осы кезде Мемлекеттік басқару академиясында жаңадан тағайындалған батальондардың психологтарын оқытудың екі курсы өткізілген.