- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да қуаты жылына 23 тоннаны құрайтын шаруашылық сабынын шығаратын цех іске қосылады
ОҚО-да қуаты жылына 23 тоннаны құрайтын шаруашылық сабынын шығаратын цех іске қосылады
Сайрам ауданының тұрғыны Өмірбай Тәшімбетов 2014 жылдың басында өзінің бизнесін ашып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шарушылық сабынын шығарумен айналыспақ болады. «Халық тұтынатын тауарларға әрдайым сұраныс жоғары, оның үстіне біздің Оңтүстік Қазақстан облысы халық өте тығыз қоныстанған аймақ және ол Өзбекстанмен де шектеседі. Түрлі тауарларға деген сұраныстарды зерделей келе мен шаруашылық сабынын шығарам деген шешімге келдім. Мен жалға алатын ғимаратты да өнімге қажетті шикізаттарды да таптым, ал өнім сапалы әрі бағасы арзан болуы үшін оны дайын тауарға айналдыруға дейінгі аралықтағы жұмыстарды атқаратын мықты, ақылды құрал керек. Мұндай құрылғы Өзекстаннан табылды, ал оны сатып алуға қаржы жол болатын»,-дейді Ө.Тәшімбетов.
«Даму» қоры кәсіпкердің бастамасын қолдап, пайыздық ставканы кепілдендіріп, субсидиялауды ұсынды, яғни несиенің пайыздық ставкасының 7 пайызын қайтарымсыз береді. Қалған 7 пайызды бизнесменнің өзі табады. Нәтижесінде, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында «Даму» кәсіпкер банктен алған 6,2 млн теңгені немесе несиенің 70 пайызын кепілдендірді. Қазіргі таңда кәсіпкер өзбектер тарапымен өзіне қажетті құрылғыны алу туралы келісім жасап, енді ол жақында шаруашылық сабынын шығару ісіне кірісетін болады.
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды