• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК өзінің алдына ЕАЭО елдерінің барлық өнім өндірушілеріне бірдей жағдай жасауды міндет етіп қойды

ЕЭК өзінің алдына ЕАЭО елдерінің барлық өнім өндірушілеріне бірдей жағдай жасауды міндет етіп қойды

11 Шілде, 2015 11:38
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Владимиор Гошин Кедендік реттеу жөніндегі консультативті комитетінің 23-ші мәжілісін өткізді, деп хабарлайды комиссияның баспасөз қызметі.

Комитет мүшелері ерекше экономикалық аумақтар мен бос қоймалар аймағында өндірісті ұйымдастыру кезінде жинақталатын тауарлар мен шетелдік шикізаттарды қайта өңдеу кезінде қойлатын талаптардың орындалуына бақылауды күшейту мәселесін ортаға салды.  

Хабарламадан мәлім болғанындай, мәжіліс Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше елдердің мемлекеттік билік органдарының, бизнес-қауымдастықтары мен ЕЭК мамандарының қатысуымен  бейнеконференция режимінде өтті.

«Қазіргі таңда ЕАЭО-тың барлық басымдықтарына ие тауары деп мойындалуы үшін тауарлар мен шетелдік шикізаттарды және жинақтарды қайта өңдеу кезінде өнім өндіруші орындауы тиіс бірыңғай шарттардың тізімі жоқ. Өнім өндірушілер ұлттық заңнамаларда көрсетілген талаптар бойынша жұмыс істейді. Яғни талаптар әр мемлекетте әрқалай. Біздің міндетіміз одақтың барлық өндірушілері үшін бірдей жағдай қалыптастыру болып табылады. Біздің пікірімізше, аталған шара сонымен қатар, ЕАЭО-на мүше мемлекеттерде өнджірістерді орналастыру деңгейінің жоғары болуына ықпал етеді»,-деді ЕЭК-ның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі В.Гошин.

Тараптар одақ тауарларының қажетті қайта өңдеуге бірыңғай талаптар қою мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аймағындағы экономикалық аумақтар мен бос қоймалардағы тауарлардың қайта өңделуіне қойылатын талаптарды күшейтудің әділ шешім екендігімен келісті.     

Барлық жаңалықтар