- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ұялы байланыс сапасын «Халықтық бақылау» бағдарламасы қадағалайтын болды
ҚР ұялы байланыс сапасын «Халықтық бақылау» бағдарламасы қадағалайтын болды
ИДМ-нің вице-министрі Сәкен Сәрсеновтың төрағалығымен өткен мәжіліске ҚР ИДМ-ның Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, «НИТ» АҚ, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС, «АЛТЕЛ» және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамдарының өкілдері қатысты. «Бүгінгі таңда өңірлерді былай қойғанда Астананың өзінде байланыс сапасы тиісті талаптарға жауап бермейтін аймақтар бар. Бұл келеңсіздіктердің себебін тауып, жою керек және бұл іспен тұрақты айналысып отыру керек»,-деді вице-министр С.Сәрсенов.
«Халықтық бақылау» бағдарламасын дайындаушылардың айтуынша, ұялы байланыс үкіметінің қосымша парақшасы болады, оған азаматтар ұялы байланысқа деген шағымдарын коментарилерімен немесе суреттерімен орналастыра алады. Ақпараттар тікелей ИДМ-ның Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына тікелей түсіп отырады. Ал, олар арнайы құрылғылардың көмегімен байланыс сапасын тексеріп, мониторинг жүргізумен айналысады.
Байланыс операторларына мониторинг жұмыстарының қорытындылары, анықталған проблемалар мен көрсетілетін қызмет сапасына қатысты мәселелер шешу үшін байланыс операторына жіберіледі. Егер оператор мәселені шешуден бас тартса, оларға қатысты әкімшілік жауапкершілік түріндегі жаза қолданылады. Бұл шаралар ұялы байланыс желісі мониторингінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, операторлардың шығыстарын азайтып, абоненттермен қарым-қатынасты реттейді. «Халықтық бақылау» бағдарламасын операторлар да ұялы байланыс абоненттері де тегін пайдаланады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты