- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Египет өкілін Конституцияның 20 жылдығына арналған конференцияға шақырды
Қазақстан Египет өкілін Конституцияның 20 жылдығына арналған конференцияға шақырды
Елші А.Мансұрға Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми мен Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Роговтың 2015 жылдың тамыз айында Астанада өтетін ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға бірлескен шақыруын тапсырды. Елші сонымен қатар, Египет өкілін Қазақстанның ішкі саяси өміріндегі осы уақытта болып жатқан маңызды мәселелермен, соның ішінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол», 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» бағдарламалары мен елде атап өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шараларымен таныстырды.
Египеттің Жоғарғы Конституциялық сотының төрағасы шақыруды қабыл алып, Қазақстан үшін маңызды болып табылатын аталмыш шараға қатысу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыратындығын айтты. Ол ҚР Президентінің мемлекетті тұрақты дамытуға бағытталған салиқалы саясатын жоғары бағалап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытта одан әрі нығая түсетіндігінен үміттенетіндігін білдірді.
Тараптар сонымен қатар, сот және өзге де салалар бойынша, екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдары жөнінде өзара пікір алмасты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді