Швейцарияда Қазақ мәдени орталығы ашылды

11 Шілде, 2015 11:07
Цюрихте Қазақстан Республикасы елшілігінің демеуімен Швейцария Конфедерациясында Қазақ мәдени орталығы ашылды, деп хабарлайды СІМ-нің баспасөз қызметі.

Аталмыш ұйымның бастамашысы мен құрйлтайшылары Швейцария азаматтары мен конфедерацияда уақытша және тұрақты тұрып жатқан қазақстандықтар болды. Құрылтай жиналысында Қазақ мәдени орталығының ашылуы қазақстандық швейцариялық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тағы бір қарышты қадам болғандығын жиынға қатысушылардың барлығы бірауыздан мәлімдеді.  

Қазақ мәдени орталығының президенті Лаура Шелленберг екі ел арасындағы мәдени байланыстарды алмастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Алдыда біздің көп жұмыстар күтіп тұр. Мен бұл жұмыстардың өте қызықты және мән-мағынасы жағынан ерекше болатындығына сенімдімін. Еуропаның қақ ортасында – Швейцарияда қазақ халқының құндылықтарын насихаттау, оның мәдениетімен, тарихымен, тілімен таныстыру елдің игілігі үшін жасалған үлкен іс және ол зор басымдық болып табылады. Біз өзіміздің алдымызға қойған мақсаттарымызға бір-бірімізді қолдау арқылы, бір-бірімізге хабар бере отырып қол жеткізе аламыз. Осы тұрғыдан алғанда мен Швейцарияда Қазақ мәдени орталығын құру идеясын қолдаған барлық отандастарыма, біздің қоғамның құрылтайшыларына алғысымды білдіремін»,-деді ол.  

Арнайы Жарғыға сәйкес, қазақ мәдени орталығы өзінің алдына «дәстүрлі дүниелерді сақтай отырып, жаңалықтарды ашу» принципі негізінде Швейцарияның қоғамдық және мәдени өміріне үлес қосу болып табылады.  

ҚР елшілігі іс-шараға қатысушыларды Мемлекет басшысының «Қазақстандық бағыт -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының басты бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу жөніндегі кандидатурасына қолдау көрсету, Алматы қаласының 2022 жылы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге жөнінде өтініш бергендігі, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру, АТОМ жобасының іске асырылуы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты бастамалары жөнінде айтылды. Бұған қоса,  мемлекеттің «Нұрлы жол» мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сияқты стратегиялық бағдарламалары туралы да сөз қозғалды.   

  

Барлық жаңалықтар