Алматы облысында жер ресурстарының кешенді картасы таныстырылды (ФОТО)

11 Шілде, 2015 12:06
Талдықорғанда өңір басшысы Амандық Баталовтың төрағалығымен Алматы облысының жер ресурстарының кешенді картасының таныстырылымы жасалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл карта арқылы азаматтар Алматы облысының аумағындағы барлық учаскелерді, оларға қатысты  алаңдар шекарасы, оларды пайдалану мақсаты және басқа да базалық кадастрлық мәліметтерді  көре алады. Осылайша жер учаскелерінің иелерінің жерлері туралы ақпараттар ашық және айқын болмақ.  

Картаға Алматы облысындағы барлық жер алқаптары, ауыл шаруашылығы мақсатындағы, пайдаланылмай жатқан жерлер, ирригациялық жүйелер, мемлекеттік маңызы бар іргелі жобалар енгізіліп отыр. Олардың қатарында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы» жобасы, «Алматы - Қапшағай», «Алматы - Өскемен» автокөлік жолдары, «Жетіген - Қорғас», «Қазыбек Бек - Жетіген» темір жолдары, «Алматы - Талдықорған» магистралды газ құбыры, сол сияқты көлік-логистикалық орталықтар енгізілген.

«Бұл картаны біз заманауи компьютерлік технологияны қолдана отырып, республикада алғашқылардың бірі болып жасадық. Бұл міндетті біздің алдымызға өткен жылы тамыз айында Алматы облысына жұмыс сапарымен келгенде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қойды. Президент  пайдаланылмай жатқан және нысаналы мақсатына сәйкес, пайдаланылмай жатқан жерлердің мәселесін шешуді тапсырды. Осы міндетті орындау бағытында облыста 10 айдан бері тынымсыз жұмыс жасалды. Жерді түгендеуге арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша бүгін ұсынылып отырған электронды карта жасалды. Бұл облыстың жер қорын тиімді пайдалануға және бақылауға мүмкіндік береді, - деді А. Баталов.

 

 

 

Барлық жаңалықтар