- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысының атына оның туған күніне және Астана күніне байланысты құттықтаулар келіп жатыр
Мемлекет басшысының атына оның туған күніне және Астана күніне байланысты құттықтаулар келіп жатыр
Мәселен, «Интер РАО» тобы басқармасының төрағасы Б.Ковальчук Қазақстан Президентіне Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесі және сындарлы келіссөздер ұстанымы үшін ризашылық білдірген.
«Сіздің жоғары кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттеріңіз, өткір түйсігіңіз бен басқарушылық дарыныңыз тіпті ахуалдың ең қиын кездерінде де мұқият ойластырылған тиімді шешімдер қабылдауыңызға мүмкіндік берді. Сіздің Қазақстан Президенті лауазымындағы жемісті қызметіңіздің нәтижесінің бірі ешқандай сілкіністер шайқалта алмайтын орнықты желілік инфрақұрылым мен тұрақты энергия жүйесінің құрылуы болды», – делінген хатта.
Ресей Ақпараттық агенттігінің (ИТАР-ТАСС) бас директоры С.Михайлов Нұрсұлтан Назарбаевқа тән күш-қуат, шешімталдық пен табандылық елдің дамуы жолында барлық кедергіні еңсеруге көмектесетініне сенім білдірген.
«Іскерлік қабілетіңіз, жауапкершілігіңіз, бай жұмыс тәжірибеңіз, жоғары кәсіби деңгейіңіз Сіздің өз қызметіңізде көзделген жоспарларыңыздың бәрінің орындалуына септігін тигізе берсін», – деп жазады автор.
С.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің ректоры В.Малышев Нұрсұлтан Назарбаевқа көздеген мақсаттарына жету жолында сенімділік тілеп, жоспарлаған бағдарламаларының бәрі табысты орындалуына ниеттестік білдірген.
Ең ізгі тілектермен айшықталған құттықтаулар «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры С.Кириенкодан, Молдова Республикасы Парламентінің депутаты В.Хотинянудан, «Түрік ошақтары» ұйымының төрағасы М.Озадан, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Ү.Мұңалбаевадан, Алматы қаласынан еңбек ардагері Ш.Мутерперлдан, Шымкент қаласынан Е.Раманқұловтан, Қостанай қаласынан Г.Молдахметовадан, Атырау облысынан Р.Жұмалиевадан, сондай-ақ О.Қодашевтан келіп түсті.
Мемлекет басшысының атына құттықтау хаттары мен жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау