Қостанай облысында жылына 500 тонна өнім өндіретін цемент зауыты салынуда

11 Шілде, 2015 13:02
Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Рудный қаласының өндіріс нысандарының және коммуналдық нысандардың қайта жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Жас қанат - 2006» құс фабрикасы жұмыртқа өндіруді жылына 250 мың данаға жеткізуге мүмкіндік беретін кең ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Бұл осымен жаңғыртудың үшінші кезеңі, аталған инвестициялық жоба өңірлік Индустрияландыру картасына кірді. Оны жүзеге асыруға 1 миллион 43 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Кәсіпорын өнімдерін 100 пайыз саудаға салады. Кәсіпорын Қазақстанға қарағанда тұтынушылары көп болып табылатын Беларусь және Ресей елдерін есепке ала отырып, өндріс көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. 

«Ең бастысы тек өнім өндіру емес, сонымен қатар оны саудалау. Қазір рубльдің девальвацияға ұшырауына орай, көптеген кәсіпорындардың тауарлары тұрып қалып жатыр. Осындай жағдайды пайдалана отырып, өнімді саудалау нарығын кеңейтіп, тұрақты түрде өндірісті жаңғыртып отыру керек. Бұл 100 пайыз тиімді жоба»,-деді Н.Сәдуақасов.   

Облыс әкімі сонымен қатар, өнімділігі жылына 500 тоннаны құрайтын цемент зауытында да болды.   Осы уақытта барлық нысандар бойынша жалпықұрылыс жұмыстары жүріп жатыр, құрылғыларды жөндеу, тетіктері мен құралдарды сайлау шаралары жүргізілуде. «Зауыт құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталмақ. Жобаны жүзеге асыруға 13 млрд теңге бөлініп, оның 10 млрды игеріліп үлгерді. Бұл ретте темір жол бағыттарын салу үшін тағы 400 млн теңге көлемінде тағы қосымша қаржы қажет. Осы мәселені шешу үшін мемлекеттік бағдарламалар аясындағы мүмкіндіктер мен банк құрылымдары арқылы несиелендіру шаралары пайдаланылатын болады»,-деді «Рудненск цемент зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Николай Ведерников.

Облыс басшысы жылу желілерінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. «Рудненск жылу желісі» ЖШС-і өз қаржысының есебінен Рудный қаласындағы ұзындығы 8 км болатын және Қашар  ауылындағы ұзындығы 1 км магистральды жылу желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізуде.   

 

 

Барлық жаңалықтар