• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2018 жылдың қаңтарынан бастап, дәрі-дәрмектердің айналымы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек - ДСӘДМ

2018 жылдың қаңтарынан бастап, дәрі-дәрмектердің айналымы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек - ДСӘДМ

10 Шілде, 2015 18:43
«Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2018 жылдың қаңтарынан бастап, дәрі-дәрмектердің айналымы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамар Дүйсенова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

«Биылғы жылы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске енгізілген өзгерістерге қол қойылды. 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, дәрі-дәрмектерді өндіру, сақтау және сату халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек»,-деді Т.Дүйсенова.   

Бұған қоса, ол кодксте дәрі-дәрмектердің сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін бақылау бөлігі бойынша нормативті-құқықтық актілерді бақылап отыратын фарминнспекция құрылатындығын атап өтті.    

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар