• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Сапарбаев: Қазақстанда 2020 жылы дене шынықтыру мен спортпен айналысатындар 30 пайызға дейін жеткізіледі

Б. Сапарбаев: Қазақстанда 2020 жылы дене шынықтыру мен спортпен айналысатындар 30 пайызға дейін жеткізіледі

10 Шілде, 2015 18:09
Қазақстанда 2020 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдар саны халықтың 30 пайызына дейін жеткізілетін болады деп жоспарлануда, деді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«ҚР Президенті 2020 жылға қарай жаппай дене шынықтыру мен спортпен айналысатындар санын 30 пайызға жеткізу жөнінде міндет жүктеп отыр. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 25 пайызды құрайды»,-деді Б.Сапарбаев.  

Сонымен қатар, ол қысқы Универсиадаға дайындық жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқандығын атап өтті.  

«Барлық насындар белгіленген мерзімге сай салынуда, қажетті қаржы да бөлінді»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Мемлекет басшысы бекіткен дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарламаның нәтижесі бойынша, 2015 жылы спортпен тұрақты түрде 4,3 млн адам айналысады, бұл тұрғындардың 25 пайызы.    

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар