- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2015-2017 жылдарға арналған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспар дайындалды - БҒМ
Қазақстанда 2015-2017 жылдарға арналған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспар дайындалды - БҒМ
«Соңғы уақытта балаларға зорлық-зомбылық көрсету әрекеттері қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Осыған байланысты Президент әкімшілігі, Бас прокуратура мен Үкімет арнайы мәжіліс өткізіп, оның қорытындысы бойынша 2015-2017 жылдарды қамтитын балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы тұру жоспары дайындалды. Осы жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы білім беру бағдарламаларына балалардың қауіпсіздігіне арналған тақырыптар енгізіледі»,-деді А.Сәрінжіпов.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрінің сөзінше, аталған жоспар аясында жергілікті атқарушы органдармен бірге, министрлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты бүтіндей кешенді шаралар қабылдауда және оған қауіпсіз бағыттар мен түсіндіру жұмыстары да кіреді.
«Барлық мектептер жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектеп психологтарымен толықтырылады. Бұған қоса, біз оқу жылының басына дейін балалардың қауіпсіздігі элементтерін енгізетін ұстаздар үшін біліктілігін арттыру бойынша тренинг бағдарламаларын дайындайтын боламыз. Біз оқу жылының басында еліміздің барлық мектептерінде ата-аналар жиналыстарын өткізетін болып шештік. Қазақстандық ата-аналар үшін арнайы әдістемеліктер дайындалады. Басты екпін балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін шешу үшін мектептер мен мемелкеттік органдардың арасындағы ынтымақтастықты арттыру мәселесіне түсірілетін болады»,-деді А.Сәрінжіпов.
Ботагөз Айтжанова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды