- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордалық ғалымдар арпаның жаңа сұрыптарын шығарды
Қызылордалық ғалымдар арпаның жаңа сұрыптарын шығарды
Аймақтың топырақ-климаты мен агроэкологиялық жағдайын ескере отырып, соңғы үш жылда жүргізілген селекциялық жұмыс нәтижесінде жаздық арпаның «Сыр аруы», «Іңкәр», «Шахристан», «Қайсар» атты сұрыптары шықты.
Пісімі тездігімен ерекшеленген жаңа сұрыптың өнімділігі де стандартпен салыстырғанда 15 центнерге артық көрінеді. Арпаның жаңа сұрпы аймақтағы мал шаруашылығын құнарлы азық дақылымен қамтамасыз етуге де мүмкіндік бермек.
Аймақта мал шаруашылығына құнарлы, жергілікті климатқа барынша бейімделген мал азық дақылдарын өндіріске енгізу мақсатында, ғалымдар арпаны зерттеуге үш жыл бұрын кіріскен. Себебі сырттан алынатын сұрыптың жерсінуі екіталай. Сондықтан ауқымды селекциялық жұмыстардың нәтижесінде арпаның төрт бірдей сұрпы пайда болды. Қалған сұрыптармен салыстырғанда, жаңа дақыл 10 күн ерте піседі.
«Бүгінгі өнімділігі 40 центнерге жетіп отыр. Бұл енді, егер де өндіріске енгізілетін жағдайда, шаруашылықтардың суды үнемдеумен қатар, жақсы пайда табуына себепкер болады, деді Ы.Жахаев атындағы күріш ғылыми-зерттеу институты білім тарату орталығының жетекшісі Жанұзақ Байманов.
Бастысы, арпаны суармай, күріштің былтырғы атыздарына еккен. Бұл сұрыптарды облыс бойынша 15 мың гектар жерге егуге болатындығын ғалымдар дәлелдеп отыр. Алға қойған тағы бір мақсат - суды барынша үнемдеп, жер ресурстарын тиімді пайдалану. Ғалымдар бір жерге науқан ішінде екі дақыл егіп, өнім алуға болатының дәлелдеуге кірісті. Арпаны жинап болған соң, сол егістіктерге жүгері мен тары егуді жоспарлап отыр. Нәтижесінде су 30-35 пайызға дейін үнімделеді деген есеп бар.
«Бұл жерде өзінің табиғи ылғалдығын пайдалануға болады. Осындай күріштік ауыспалы жерлерді, алқаптардың барлығының біз ғылыми түрде тиімділігін дәлелдеп отырмыз. 1-2 күнде жүгері дақылын силостық мақсатта, сосын просоны егейін деп отырмыз. Бір жылда екі өнім алуға толық болатынын біз толық дәлелдеп отырмыз», - деді Ы.Жахаев атындағы күріш ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Серікбай Өмірзақов.
Сонымен қатар, ғалымдар қазір бидай мен сұлының мыңға жуық отандық және шетелдік сұрып үлгілерін зерттеп жатыр. Ал келесі жылы жергілікті селекция жұмыстары нәтижесінде бидай мен сұлының бір-бір сұрпынан мемлекеттік сұрып сынағына беру жоспарлануда.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру