• Басты
  • Жаңалықтар
  • С. Ақашев: ҚР-да менеджмент жүйесін енгізу кәсіпорындарға бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі

С. Ақашев: ҚР-да менеджмент жүйесін енгізу кәсіпорындарға бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі

10 Шілде, 2015 16:17
Астанада «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РММ ұйымдастыруымен 061 бюджеттік бағдарлама аясында «Кәсіпорындарға менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбында өңірлік салалық семинар өтіп жатыр.

«Семинардың мақсаты  Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі Кешенді жоспардың, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша шаралар жоспарын жүзеге асыру, сондай-ақ шағын және орта бизнес, ірі кәсіпорындар, қоғамдық мекемелер, жергілікті мемлекеттік басқару өкілдері арасында менеджмент жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау, техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласында мамандардың білім деңгейін арттыру»,  деді бизнес-кеңесші Серік Ақашев. 

Семинар барысында ISO 9001:2015, ISO 10001:2014, ISO 22313:2012 стандарттарындағы негізгі өзгерістер талданды, ол кәсіпорындарға бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі.   

«Бұл стандарттардың маңыздылығы сонда, олар кәсіпорындарға бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі. Мәселен, олар кәсіпорындардағы менеджменттің тиімді жүйесінің жасалуына бағытталған.  Кәсіпорындарға тұтынушылардың талаптарына қарай жұмыстарын реттеуге көмектеседі. Ал ол тұтынушымен кері байланыс арқасында орнайды»,  деді ол.

Анара Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар