• Басты
  • Жаңалықтар
  • ДСҰ-ға кіру арқылы Қазақстан әлемдік экономикалық тәртіпте өзінің интеграциясын аяқтайды - сарапшы

ДСҰ-ға кіру арқылы Қазақстан әлемдік экономикалық тәртіпте өзінің интеграциясын аяқтайды - сарапшы

10 Шілде, 2015 12:29
ДСҰ-ға кіру арқылы, Қазақстан, былайша айтқанда қазіргі әлемдік экономикалық тәртіпте өзінің интеграциясын аяқтайды, деді Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов ОКҚ баспасөз конференциясында.

«Бүгінгі таңда ДСҰ нормаларымен сауда және қызметтердің бүкіл әлемдік саудасының 95% реттеледі. ДСҰ қазіргі әлемдік экономикалық тәртіптің бір бағанасы болып табылады. Осы ұйымға кіру арқылы, Қазақстан, былайша айтқанда, қазіргі экономикалық тәртіпте  өзінің интеграциясын аяқтайды. Бұған дейін де бізді, әрине, мойындады, біз түрлі қаржылық институттарға кірдік, сондықтан Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бірқатар мүмкіндіктерді кеңейтеді», - деді  В.Тельнов.

Сондай-ақ, сарапшы ДСҰ-ға кірудің заңды белгілеріне де тоқталды.

«Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы хаттама біздің парламентте ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін мақұлдануы керек. Хаттама мақұлданғаннан кейін 30 күн өткесін ҚР ресми түрде ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болады», - деп атап өтті ол.

В.Тельновтың айтуынша, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі еліміз үшін маңызды қадам болмақ. 

«Осы жағдайдың арқасында елдің сыртқы экономикалық қызметі барынша тұрақты және болжалды бола алады», - деп толықтырды сарапшы.  

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар