СҚО-да 2015 жылы 11 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған

10 Шілде, 2015 14:31
Петропавл қаласында жылдың соңында 126 пәтерлік және 72 пәтерлік екі үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінен.

Хабарламадан мәлім болғанындай, аймақ басшысы Ерік Сұлтанов тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысымен танысты. «Мұнда құрылыс биылғы жылдың басынан басталды. Алайда, оны желтоқсан айында-ақ аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа 9-қабатты үйлерде бір, екі және үшқабатты пәтерлер болады»,-делінген хабарламада.     

«Руслан сервис ЛТД» ЖШС-нің бас мердігерінің өкілі (Астана қаласы) – Олжас Сапаровтың айтуынша, көпқабатты үйлерді салу жағынан компанияның тәжірибесі жеткілікті және құрылысты уақытында бітіруге қажетті материалдар да оны жүзеге асыратын жұмысшыларда да бар. «Қазіргі таңда аталмыш бөлікте үйдің іргетасы қаланып, енді оның діңгектерін қағуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр»,-деді ол.

Бұған қоса, аймақ әкімі құрылыс жұмыстарын белсендендіріп, бұл ретте әсіресе тұрғын үйдің құрылысына көп көңіл бөлу қажеттігіне назар аударды.

Айта кететін мәселе, 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 124,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жоспарда көппәтерлі 11 үй салу бар, оның ішінде 3 үй «Нұрлы жол»  бағдарламасы бойынша салынады.  

Барлық жаңалықтар